Сыр өңірінде “Orda school” жеке мектебі ұжымымен кездесу өтті

Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы, Референдумды қолдау облыстық штабы мүшесі Мақсұт Нәлібаев пен «Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» Қызылорда облыстық ұйымы төрайымы Гүлнәр Есқалиева “Orda school” жеке мектебі ұжымымен кездесті.


Еңбек ұжымымен Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар талқыланды. Кездесу барысында кәсіподақ көшбасшылары ұжымға Республикалық референдумның Қазақстан Республикасы Конституциясының, конституциялық заңдарының, заңдарының және мемлекеттiк өмiрiнiң өзге де неғұрлым маңызды мәселелерiне арналған шешiмдердiң жобалары бойынша бүкiлхалықтық дауыс беру екендігін айта келе, 5 маусымға белгіленген осы шешуші сәтте белсенділік танытуға шақырды.