Оралда ҚР Мәдениет саласының қызметкерлері күніне орай бірқатар сала мамандары Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы атынан «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталды. Аталған шараға өңірлік салалық кәсіподақ ұйымының төрағасы А.Батырханов қатысып, сала қызметкерлерін мерекемен құттықтап, марапаттарды жеткізді.