Мәдениет саласы қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Ақтөбе қаласында мәдениет қызметкерлерінің кәсіби мерекесі кеңінен аталып өтті. Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен “Нокин” мәдениет үйінде өткен меркелік шараға Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров пен «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ облыстық филиалының төрайымы Назира Табылдинова қатысты.


«Ұлттық мәдениетіміздің бір бөлігі, Арайлы Ақтөбе өңірі –дарынды тұлғалардың мекені, қасиетті өнердлің киелі бесігі. Облысымызда,қаламызда мәдениет саласының қызметкерлері ғасырлар бойына мұра болған асыл қзынамызды,өнерімізді ұрпақтан ұрпаққа жеткізу жолында ауқымды жұмыстар атқарып,уақытпен санаспай жемісті еңбек етіп келеді», – деп атап өтті Салалық кәсіподақ Ақтөбе филилалының төрайымы Н. Табылдинова.

Мерекелік шарада кәсіподақ атынан бір топ қызметкерлерге алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді.