Референдумның маңызын түсіндірді

5 маусымда республика бойынша өткізі­летін референдум төңірегіндегі маңызды сұрақтарға жан-жақты жауап беру үшін Балқаш қалалық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрайымы Асем Айтжанова бастауыш кәсіподақ ұйымдарын жинады.


1995 жылдан бері халықтың қатысуынсыз өзгертіліп, толықтырылып келген Конституцияның жаңа үлгісін қабылдау – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін басты мәселесі. Бүкіл қоғамның мүддесі үшін жүзеге асырғалы отырған референдум барысында президенттік бас­қару үлгісі­нен президенттік респуб­ликаға түбегейлі көшу, бірқатар билік өкілеттігін қайта бөлу, Парламенттің рөлін күшей­тіп, мәртебесін арттыру, елді басқару ісіне халықтың қатысу мүмкіндігін кеңейту, азаматтардың құқықтарын қорғау тәсілдерін жетілдіру көзделген. Осылайша Ата Заңның 33 бабы өзгеріске ұшырап, 56 өзгеріс пен толықтыру енетін әріптестеріне жіті түсіндірген Әсем Бекенқызы ел болашағын айқындайтын шешуге сәтке, яғни референдумға қатысу әрбір азаматтың борышы екенін ұғындырды.

Өз ойларын ортаға салған балқаштық кәсіподақ белсенділері халықтың әл-ауқа­тын көтеріп, әділетті қоғам орнатып, елімізді дамудың даңғыл жолына бастайтын, тұттас ел үшін зор маңызға ие Тәуелсіз жалпыхалықтық дауыс беруді қолдайтындарын жеткізді.