5 маусымда Қазақстанда Конституцияға түзетулер бойынша референдум өтеді, бар болғаны 13 күн қалды. 23 мамырда референдумды қоғамдық қолдау республикалық штабының өкілдері құрамында “SENIM” Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы” РҚБ Павлодар облыстық филиалының төрайымы Салтанат Төлегенова және “Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы” қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлбарам Науразбаева Успен ауданының тұрғындарымен кездесті.
Кездесу ауданның 70-тен астам тұрғыны жиналған жергілікті мәдениет үйінде өтті. Кездесуде республикалық штаб өкілдері Конституциялық реформаларға қатысты егжей-тегжейлі түсініктеме беріп, алдағы оқиғаның бүкіл елдің болашағы үшін маңыздылығын атап өтті.
Успен ауданының тұрғындары Конституцияның ұсынылған редакциясы, дауыс беру механизмі мен рәсімі туралы бірқатар сұрақтар қойды. Сондай-ақ, Конституцияға өткен өзгерістер туралы, әкімдерді сайлау туралы, зейнеткерлік жасты төмендету туралы мәселелер қозғалды.
Кездесу нәтижесінде тұрғындар референдумды толығымен қолдап, өз елді мекендерінің учаскелеріне келіп, өз елінің болашағы үшін дауыс беруге дайын екендіктерін білдірді.
Кездесу соңында аудан ардагерлерінің өкілі келген қонақтарға Конституцияға енгізілетін түзетулер туралы тыңдауға мүмкіндік бергені үшін алғысын білдіріп, кездесу жылы достық жағдайда өткенін, онда әркім сұрақ қойып, жауап алып, тыңдауы мүмкін екенін атап өтті.