Сенатормен бірге референдум бойынша түсіндірме жасалды

Қызылорда облысы Кәсіподақтар орталығының төрағасы Мақсұт Нәлібаев ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ақмарал Әлназаровамен бірге Қызылорда облыстық штаб құрамында бірнеше кездесулер өткізді. Кездесулерде еліміздің Конституциялық заңына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар және ел көлемінде өткізілгелі отырған референдумның мағынасы түсіндірілді.


“Aray city” сауда орталығында жалпыхалықтық референдумның маңызына тоқталған сенат депутаты Ақмарал Әлназарова тұрғындарға дауыс берудің ережелері мен шарттарын түсіндірді. Сауда орталығы тұтынушылары сұрақтарына Ақмарал Шәріпқызы нақты жауап беріп, өзгерістерге толық тоқталды.

Облыстық штаб мүшесі, аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Мақсұт Нәлібаев кездесуде референдум туралы ой-пікірін тұрғындарға жеткізіп, оған белсенділік таныта қатысуға шақырды.