Түркістан қаласы химия-билогия бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Ел ертеңі – бүгінгі ұрпақ» атты 25 мамыр соңғы қоңырауға арналған салтанатты жиын өтті.
Шараға Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Түркістан облыстық ұйымының төрағасы, Түркістан қаласы химия-билогия бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қамқоршылық кеңесінің мүшесі Жандос Шайдуллаұлы, Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ ректоры Жанар Амангелдіқызы мен ата-аналар қатысты.
Жиында мектеп директоры Балқан Маратұлы алғысөз сөйлеп, облыс орталығында мектептің іргетасы қаланған сәттен бастап, Зияткерлік мектептің ашылуы Түркістан жұртшылығы үшін білім деңгейін жоғарылатуда оң бетбұрыс әкелгенін атап өтті.
Жандос Шайдуллаұлы өз сөзінде, Түркістан облысында ең бірінші болып құрылған Назарбаев зияткерлік мектебінің ең бірінші оқу жылы мен соңғы қоңырауы екендігін атап өтті. Қаламызда бой көтерген бұл зияткерлік мектеп оқушыларға ағылшын тілін жетік меңгеруге мүмкіндік беріп қана қоймай, келешек студенттік өмірге дайындайды. Тек оқу ғана емес, талантыңды жетілдіруге де септігін тигізетінгін айтып кетті.
Салтанатты жиын соңында, түркістандық зияткерлер үшін 2021-2022 оқу жылын сәтті аяқтаған, жаңа оқу жылына нық қадаммен дәстүрлі түрде соңғы қоңырау соғылды.