Павлодар облысының оқу орындарында мектеп және студенттік медиацияны ілгерілету жөніндегі жұмыс тобының отырысында Құқық бұзушылықтардың алдын алу тетігі ретінде мектеп және студенттік медиацияның өзектілігі мәселелері талқыланды.
Талқылауға Павлодар облысы білім басқармасының “Тәрбие алаңы” жобалық кеңсесінің басшысы С.Мұқанов, Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Д.Айтжанова, Павлодар қалалық сотының судьялары А.Асанова, А.Күлбаева, Ж.Тілеуғабылова, “Республикалық кәсіби медиаторлар палатасы” РҚБ төрағасы О.Эрлих,, Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің татуластыру орталығының басшысы М.Иванова қатысты.
ҚР “Медиация туралы” Заңының қабылдануымен медиацияның инновациялық әдісін оның қауіпсіздігін күшейту мақсатында бітімгерлік рәсімі ретінде білім беру ортасына трансформациялау мүмкіндігі пайда болды.
Кездесуге қатысушылар кәмелетке толмағандар арасындағы және кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстар, отбасылық-тұрмыстық жанжалдардың баланың жеке басын қалыптастыруға әсері, медиация арқылы білім беру ортасындағы жанжалдарды шешу туралы проблемалық мәселелерді талқылады.
Медиацияны білім беру ортасында ілгерілету оқушылар мен студенттерді, педагогтарды, ата-аналар қауымдастығын қамтиды.
Павлодар облысы білім беру басқармасының “Тәрбие алаңы” жобалық кеңсесінің психологтары күрделі даулы жағдайларда психологиялық қолдау көрсететін болады.
Жұмыс тобының отырысында мектеп және студенттік медиацияны ілгерілету бойынша жобаның негізгі бағыттары анықталды, іс-шаралар мен оларға қатысушылар анықталды.
Медиацияның жоғары гуманистік әлеуеті оны жастар арасында азаматтық қоғамды қалыптастырудың маңызды және қажетті құралына айналдырады -деп бірауыздан медиацияны білім беру ортасында ілгерілету жөніндегі жұмыс тобының мүшелері санайды.