Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Қарағанды филиалының төрағасы, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Қарағанды облысының Кәсіподақ орталығы жанындағы референдумды қолдау жөніндегі өңірлік штаб мүшесі Айқын Ахметов «Қарағанды металл конструкциялары зауыты-Имсталькон» ЖШС еңбек ұжымымен Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу жөніндегі республикалық референдум жөнінде ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.
Кездесу барысында Айқын Ахметов Қазақстан Республикасының негізгі Заңындағы заңнамалық өзгерістерге жалпыхалықтық дауыс беру – бұл әрбір қазақстандықтың өз елінің болашақ тағдыры үшін жауапты көзқарас пен азаматтық ұстаным көрсету құқығын айқындайтын әлеуметтік әділеттілік актісі екенін атап өтті.
Кездесуге қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, барлық қазақстандықтар үшін тарихи оқиға – 2022 жылғы 5 маусымдағы Республикалық референдумға қатысуға дайын екендіктерін білдірді.