Референдум ел өміріндегі елеулі оқиға болмақ

Бүгін “Атырау мұнай өңдеу зауыты” ЖШС ұжымы қызметкерлеріне  Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев онлайн байланысқа шығып, аталған кәсіпорын қызметкерлеріне алда өтетін референдумның өту себебі мен мақсатын  жан-жақты түсіндірді.

«Референудмның басты мақсаты – мемлекетітк басқару жүйесін демократияландыру. Президент билігін ықшамдап, Парламент құзыретін кеңейту. Сол сияқты, саяси партияларға қойылатын шектеулерді азайту. Өкінішке қарай, еңбек құқығының бұзылуына байланысты шығарылатын сот шешімдерінің 50 пайыздан көбісі жұмыс берушілердің пайдасына шешіліп жатады. Сондықтан референдум арқылы бұл мәселе де өз шешімін табады деп сенеміз» деді ол.

Мұнай өңдеушілермен кездесуде Атырау облысы Кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Еділ Ұзақбай және «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Жанат Досқалиева да жұмысшылардың құқығын қорғайтын нақты қандай баптарға қандай өзгерістер енгізілетінін айтып өтті.

Әсіресе елімізде сайлау жүйесінде болатын өзгерістер де көпшілікті бейжай қалдырмайтындығын тілге тиек етті.