«Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жалпыхалықтық Референдум өтуі туралы ақпараттық-түсіндірме жасау мақсатында Түркістан облысы, Ордабасы ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Мұхаметқұл Исламқұлов атындағы жалпы орта мектебі» КММ-нің ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында қатысушылар ел дамуындағы Конституцияның рөлі мен Жаңа Қазақстанды құрудағы конституциялық реформаның маңыздылығын талқылады.
Кездесуде өз кезегінде сөз алған кәсіподақ төрағасы: «Референдум өткізудің мақсаты – саяси және құқықтық жүйемізді жетілдіру, конституциялық реформа жасауға бағытталған. Ол ел дамуының жаңа кезеңі басталғанын айқындайды. Осы орайда Ата Заңдағы 98 баптың 33-і өзгертілмек. Осындай тарихи өзгеріс жасауға әр қазақстандықтың қатысуы маңызды. Осы ретте барлықтарыңызды 5 маусым күні Референдумға қатысуға шақыра отырып, өз Отанын сүйетін әр азамат ел тарихында елеулі орын алатын бұл науқаннан тыс қалмайды деп ойлаймын», – деп атап өтті.
Кездесудің соңында қатысушылар алдағы Референдумға бір кісідей атсалысатындарын білдірді.
Бүгінде еліміздің барлық өңірлерінде республикалық референдум қарсаңындағы үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жүруде. Осы мақсатта ағымдағы жылдың 24 мамыр күні «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Шұбарсу ауылындағы «MEDICAL CENTER SHUBARSU» жауапкершілігі шектеулі серіктестік емханасының ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесуде сөз алған кәсіподақ төрағасы Бердіғали Өмірәлі негізгі Заңға ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтыруларға тоқталып, «Мемлекет басшысының бастамасымен қазір елімізде ауқымды өзгерістер болып жатыр. Референдум-жарқын келешектің іргетасын қалайтын аса маңызды шара. Өйткені, қоғамда күрмеуі шешілмей келе жатқан күрделі мәселелер тым көп. Өзгерістердің барлығы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасымен тығыз байланысты. Өйткені реформалар халықтың талап-тілегіне арналған. Осы ретте ел сеніміне ие болмай, Жаңа Қазақстан құру мүмкін емес. Сол себепті жарқын болашағымыз үшін дұрыс шешім қабылдап, бірлігімізді бекемдеп алдағы Референдумға жұмыла қатысуға шақырамын», – деп айтып өтті.
Кездесу соңында қатысушылар Ата заңымызға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды толықтай қолдап, 5 маусым күні өз таңдауларын білдіретіндіктерін жеткізді.
Ағымдағы жылдың 5 маусымы күні өтетін жалпыхалықтық Референдум бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі кезекті кездесуін Түркістан облысы, Ордабасы аудандық білім бөлімінің «Атамекен» жалпы орта мектебі КММ-нің мектеп ұжымымен өткізді.
Кездесу барысында сөз алған кәсіподақ төрағасы Бердіғали Өмірәлі Референдумның маңыздылығын түсіндіре отырып, «Бұл Референдум суперпрезиденттік модельден президенттік республикаға максималды көшу, Парламенттің рөлін күшейту, халықтың елді басқаруға қатысуын кеңейту, азаматтардың құқықтарын қорғаудың конституциялық тетіктерін күшейту сияқты іргелі өзгерістерге жол ашады. Біздің шешіміміз елдің ертеңі мен болашақ ұрпақтың тағдырын анықтайды. Осы орайда барлықтарыңызды 5 маусым күні жаппай Референдумға қатысуға шақырамын», – деп сөзін қорытындылады.
Жиын соңында қатысушылар референдумнан құлағдар болып, алда болатын өзгерістер мен толықтыруларды қолдайтындарын білдірді.