Шымкентте референдум қарсаңында кәсіпорын ұжымымен кездесу өтті

«Шымкент қаласының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Руслан Ақжігітов республикалық референдум қарсаңында «Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының «Қуатжылуорталық-3» МКК-не тиесілі «Әкімшілік іскерлік орталығы» қазандығының жұмысшыларымен кездесті.

Нұрсат шағынауданында орналасқан қуаттылығы 160 Гкал. құрайтын қазандықта 4 жұмысшылар 4 ауысымда жұмыс істейді.

Жалпы «Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының «Қуатжылуорталық-3» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына келсек, бұл Шымкент қаласының жылу жүйесінің 100%-на қызмет көрсететін жылумен жабдықтау ұйымы. Мекемінің құрылтайшысы және өкілетті органы Шымкент қаласының әкімдігі, ал басқару органы Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы болып табылады. Кәсіпорын қала әкімдігінің 2006 жылғы 5 қазандағы №40 қаулысымен құрылған.
Жалпы қала бойынша жылу жүйесінің ұзындығы 823,842 км болса, соның ішінде магистралды жүйе152,0 км, ал орамішілік жүйелер ұзындығы 671,842 км құрайды. Сонымен қатар, кәсіпорынның балансында 15 қазандық, 17 сорғы станциясы және 3 бойлер бөлмелері бар. Негізгі қызмет түріне жылу қуатын өндіру, «3-Энергоорталық» АҚ және «Қуатжылуорталық-3» МКК-нан шығатын жылу қуатын тасымалдау, бөлу және сату жатады. Қосымша қызмет түріне инженерлік коммуникациялардың құбырларын жөндеу кіреді.

Жалпы қала бойынша жылмен қамту жүйесіне 1987 көп қабатты үйлер, 123 білім мекемелері, 31 денсаулық сақтау мекемелері, 20 спорт мекемелері, 845 коммерциялық құрылымдар мен басқалар қосылған.

Кездесуде Жаңа Қазақстан құрудағы референдумның рөлі мен маңызы кеңінен түсіндіріліп, қолданыстағы Конституцияның 33 бабына енгізілетін өзгерістер туралы сөз қозғалды. 2022 жылғы 5 маусымда өтетін еліміздің Конституциясына өзгерістер енгізу бойынша жалпы республикалық референдум өткізудің маңыздылығы айтылды. Жалпы республикалық референдумды өткізу тәртібі мен міндеттері, Конституциялық реформаның бағыттары, Жаңа Қазақстанды құрудағы референдумның маңыздылығы туралы мәселелер сөз болды. Қатысушыларға суперпрезиденттік басқару үлгісінен есеп беретін Үкімет пен ықпалды Парламенті бар президенттік басқару түріне көшетіні туралы да ақпарат берілді. Кездесу соңында кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары кәсіподақ мүшелерін референдумға белсене қатысып, өз таңдауларын жасауға шақырды.