Шымкентте штаб мүшелері жастармен жүздесті

Халықтың пікірімен санасуды діттеген жалпыхалықтық референдумға қатысты кезекті кездесу Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының жастарымен өтті. Аталмыш шараға қалалық қоғамдық штабтың мүшелері – «Шымкент қаласының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев, «Шымкент қаласының Азаматтық Альянсының» төрағасы Жұмағали Білісбеков, «Шымкент қаласының әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Баян Жандосова қатысты.


Жиын барысында республикалық әрі қалалық штабтың мүшесі Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев әрбір жас Қазақстан азаматы референдумға қатысудың маңыздылығын сезінуі тиіс екенін айтып, барлық жастарды саяси науқанға белсене атсалысып, қатысуға шақырды.

Жалпы кездесуде жастар қалалық штаб мүшелеріне көкейлеріндегі сауалдарын қойып, өзара пікір алысты.

Кездесу соңында Жастар ресурстық орталығының Еңбекші ауданының жастарымен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы Балкерім Пернебай да референдум туралы өз ой орамдарымен бөлісті. Ол әр адамның даусы маңызды екеніне тоқталып, халық үніне құлақ асатын жаңа Қазақстан құрылатынына сенім білдіретінін айтып, аудан жастары бірауыздан референдумға қатысатынын алға тартты.

Референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі қалалық штаб мүшелері үшінші мегаполистің белсенді жастарымен кездесті.

Кездесуге ҚР Кәсіподақтар федерациясы республикалық штаб мүшесі, өңірлік қоғамдық штабтың мүшесі «Шымкент қаласының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев, «Шымкент қаласының Азаматтық Альянсының» төрағасы Жұмағали Білісбеков, «Шымкент қаласының әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Баян Жандосова қатысты. Жиын барысында бүгінгі таңда қоғамда кеңінен талқыланып отырған үлкен саяси оқиға – Президентіміздің Референдум өткізу туралы бастамасы талқыланды. Нақтырақ тоқталсақ, республикалық референдум өткізудің тәртібі мен міндеттері, конституциялық реформаның бағыттары, Жаңа Қазақстанды құрудағы референдумның маңызы туралы айтылды.

Жас қазақстандықтар азаматтық қоғамның белсенді бөлігі ретінде мемлекеттің қоғамдық-саяси жүйесіндегі ағымдағы өзгерістерді және Жаңа Қазақстан идеясын жүзеге асырудың жастарға ашатын мүмкіндіктеріне дән риза. Басқосуда жастардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, тұшымды жауаптарын алды. Жастар Мемлекет Басшысының бастамаларын бірауыздан қолдап, саяси науқанда белсенді болатындықтарын алға тартты.