Ұстаздар референдумды қолдайды

«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жандос Шайдулла алдағы 5 маусымда өткізілетін жалпыхалықтық Референдумның маңыздылығына түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында Түркістан облысы, Сауран ауданы, Ескі Иқан ауылындағы «№25 жалпы орта мектебі» КММ-нің бастауыш кәсіподақ ұйымында кездесу өткізді.


Кездесуде қоғамдық бірлестік төрағасы Референдумның маңыздылығын түсіндіре отырып, «5 маусымда республикалық референдум өтеді. Ата Заңымызға өзгерістер енгізіледі. Халқымыз осындай бетбұрысты кезеңде ел болашағын айқындауға тікелей атсалысатын болады. Осындай еліміз үшін жауапты сәтте әр азаматымыздың дауысы айрықша рөл атқарады. Осы орайда баршаларыңызды еліміз үшін маңызды саяси кезеңде 5 маусым күні референдумға қатысуға шақырамын», – деді Жандос Шайдулла.

Жиын соңында қатысушылар Президентіміздің бастамаларына қолдау білдіріп, өз ұсыныс- пікірлерін білдірді.