«Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» Қызылорда облыстық ұйымы төрайымы Гүлнәр Есқалиева М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледж ұжымымен кездесіп, Референдум туралы түсіндірме жүргізді.
Облыстық салалық кәсіподақ төрайымы колледж қызметкерлері мен студенттерге елдегі маңызды саяси сәттің жауапкершілігін жеткізді. Кездесуде еңбек ұжымы референдум туралы, конституциялық түзетулер туралы өз ойларын ортаға салды. Білім кәсіподағының облыстық ұйым төрайымы кездесуге қатысушыларды Республиканың бүкiл аумағында 5-шi маусым күні өткiзiлетін Референдумға белсенді қатысуға шақырды.
24 мамыр күні Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы, облыстық штаб мүшесі Мақсұт Нәлібаев ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлымен бірге «Қазпошта» АҚ Қызылорда филиалы ұжымымен кездесті. Сенатор Мұрат Бақтиярұлы ұжымға конституциялық реформаның мағынасын түсіндіріп, өз ойларымен бөлісті.
Референдумның маңыздылығына тоқталған Сенат депутаты тарихи сәтте тұрған шақта ел Президентінің жанына топтасып, жаңа Қазақстан – екінші Республика құру идеясын қолдауға және референдумға белсенді қатысуға шақырды. Облыстық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Мақсұт Нәлібаев кездесу барысында еңбек ұжымымен референдум жайлы пікірлеріммен бөлісіп, жұмыскерлерді Конституциялық реформаларға референдумға белсене қатысу арқылы қолдау жасауға үндеді.
Кездесуде өзекті және мазмұнды түсіндірме әңгімелер айтылып, ұжым заңнамалалық түзетулерді қызу талқылады.