2022 жылғы 26 мамырда Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин ХЕМФ Бас хатшысы Юсуф Зия Одабаш және оның орынбасары Раупов Туражон Маннонұлы бастаған Халықаралық Еуразиялық металлургтер федерациясының (ХЕФМ, Анкара) делегаттарымен кездесті.
Халықаралық делегацияны қарсы алған Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының көшбасшысы қонақтарға ағымдағы жылдың сәуір айының ортасында болған Түркияға жұмыс сапарының қорытындылары туралы айтып берді.
Сатыбалды Дәулеталин жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы мен HAK-IS (Түркия Республикасы) Кәсіподақтар конфедерациясы арасында Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғанын атап өтті. Құжатқа сәйкес, тараптар лайықты еңбек пен әлеуметтік әділеттілікке жәрдемдесу қағидаттарын бірлесіп жүзеге асыруға келісті.
«Қазақстан кәсіподақтары үшін халықтарымыздың ортақ тамыры мен ортақ тарихы маңызды. Біздің елдер арасындағы қарым-қатынасты жоғары бағалай отырып, Кәсіподақтар федерациясы олардың одан әрі қарқынды дамуына үлес қосуға ниетті. Түрік кәсіподақтарымен екіжақты ынтымақтастық орнату Қазақстан халқына тән «халық дипломатиясының» элементі болып табылады. Түркия Қазақстанның саяси және экономикалық саладағы сенімді әріптестерінің бірі болып табылады. Қазақстан кәсіподақтары екі мемлекет еңбеккерлерінің игілігі үшін түрік кәсіподақтарымен бауырластық пен ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді», – деді Сатыбалды Дәулеталин.
Сондай-ақ, Еуразиялық металлургтер федерациясының делегациясымен кездесу аясында тараптар екіжақты ынтымақтастық пен одан әрі дамытудың кең ауқымды мәселелерін талқылады. Кездесуге қатысушылар қазақ-түрік қарым-қатынасының терең тарихи тамыры бар екенін атап өтті.
Кездесу өзара түсіністік пен сындарлы диалог жағдайында өтті.
Осы күні Қазақстан Республикасы салалық кәсіподақ ұйымының кәсіподақ белсенділерімен кездесу өтті.
Шетелдік қонақтарды және жиынға қатысушыларды қарсы алған «Қазметаллкәсіп» Тау-кен металлургия салалық кәсіподағының төрағасы Асылбек Нұралин «Қазметаллкәсіп» кәсіподақ ұйымының 30 жылға жуық уақыт бойы ХЕМФ мүше ұйымы болып табылатынын, бүгінде оның құрамында 19 елде 10 миллионнан астам мүше және біздің бауырлас салалық кәсіподақтармен табысты ынтымақтастығымыз жалғасып жатқанын растауға барлық негіз бар екенін атап өтті.
Бұған үздіксіз тәжірибе алмасу, «Қазметаллкәсіп» салалық кәсіподақтың кәсіподақ активін оқыту, Türk Metal еңбеккер-әйелдері съездеріне шақыру, ең үздік TürkMetal пансионатында қазақстандық балалар үшін фестивальдер мен демалыстарды ұйымдастыру және біз үлкен мән беретін ХЕМФ ұйымдастыруымен өтетін басқа да бірлескен іс-шаралар дәлел.
ХЕМФ Бас хатшысы, бұрынғы металлург Юсуф Зия Одабаш Түркия металлургтер кәсіподағының жұмысының қағидаттары туралы айтып берді және өз тарапынан пандемиядан кейінгі дағдарысқа, күрделі геосаяси жағдайға және басқа да сын-қатерлерге қарамастан, олар жан-жақты көмек көрсету және ХЕМФ мүше ұйымдар – салалық кәсіподақтар алдындағы әріптестік міндеттемелерін орындайтындарына сендірді. Тараптар жақын болашаққа арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын және одан әрі ынтымақтастық перспективаларын талқылады.