Елімізде өтетін Республикалық референдумды қолдау штаб мүшелері барлық салаларда еңбек ұжымдарын, барша азаматтарды ақпаратпен қамту мақсатында түсіндірме жұмыстарын белсенді жүргізуде. Бүгін Қызылорда облыстық штаб мүшесі, Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Мақсұт Нәлібаев облыстық тарихи-өлкетану музейінде Конституциялық реформаны түсіндіру бойынша еңбек ұжымымен кездесті. Кездесуге облыстық штаб мүшелері Берік Саймағанбетов, Назира Аймаханова қатысты.
Кездесуде Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жалпыхалықтық референдумның маңызы мен мәнін қызметкерлерге түсіндіріліп, азаматтардың ой-пікірлері тыңдалды. Кәсіподақ төрағасы музей қызметкерлерімен пікір алмасып, ел болашағы үшін 5 маусымда референдумға барып, өз таңдауларын жасауға шақырды.