Екібастұз қаласы «Горводоканал» МКК бастауыш кәсіподақ ұйымы 2022 жылдың 5 маусымында өтетін референдум бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Еңбек ұжымы «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасымен танысып, Ата Заңға бес бағыт бойынша ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулар бойынша түсініктеме алды.
«Түсіндіру жүргізу нәтижесінде әрбір қызметкер республикалық референдумға қатысу үшін Қазақстан Республикасының Конституциясына қандай түзетулер енгізілетінін біледі, референдумға өз қолдауын және дауыс беруге қатысуға ниет білдірді», – деді бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Л.Никулина.
«Қазіргі уақытта «Павлодар облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, көлік, құрылыс кешені және қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ барлық бастауыш кәсіподақ ұйымдарында «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңын түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, еңбек ұжымдары референдум өткізуге қолдау білдірді», – деп атап өтті төраға Н.Кәрімова.
Сонымен қатар, 2022 жылғы 26 мамырда Павлодар облысы бойынша референдумды қоғамдық қолдау республикалық штабының өкілдігі мүшелерінің 2022 жылғы 5 маусымда референдум өткізу мәселелері бойынша және Қазақстан Республикасының Конституциясына жоспарланып отырған өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру бойынша «Данель» ММ қызметкерлерімен кездесуі өтті.
Медицина қызметкерлерінің алдында «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Павлодар облыстық филиалының төрайымы С.Төлегенова сөз сөйледі.
Кездесуге қатысушылар жалпыұлттық референдумның өткізілуін қолдап, дауыс беру күні жоғары белсенділік танытатынына сенім білдірді.