Кәсіподақтар федерациясы алдағы конституциялық реформалар бойынша халықты дұрыс ақпараттандыру және түсіндіру жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Осы орайда аймақтарда кәсіподақ көшбасшылары барлық саладағы еңбек ұжымдарымен ақпараттық-түсіндіру кездесулерін өткізіп жатыр.
Атап айтқанда, «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» ЖШС кәсіподақ ұйымы бастауыш партия ұйымымен бірлесіп Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдумды қолдау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Еңбек ұжымымен кездесулерде кәсіподақ төрағасы Т.Чигвинцева және «Аманат« БКҰ төрағасы С.Серьянов республиканың Негізгі Заңына енгізілген түзетулер туралы айтып, қызметкерлердің сұрақтарына жауап берді. Конституцияға ұсынылатын өзгерістер әрбір азаматтың негізгі құқықтары мен кепілдіктерін қорғауға, сондай-ақ қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті қамтамасыз етуге бағытталған.
“Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1” ЖШС еңбек ұжымы демократиялық реформаларды қолдайды және 2022 жылғы 5 маусымда дауыс беруге белсенді қатысады.
Сонымен қатар, «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Павлодар облыстық филиалының төрағасы С.Төлегенова Павлодар облысы бойынша референдумды қоғамдық қолдау республикалық штабының өкілі ретінде 2022 жылғы 5 маусымда өтетін алдағы референдум бойынша ШЖҚ «Павлодар қаласының № 5 емханасы» КМК еңбек ұжымымен бастамашылық кездесу өткізді. Кездесуге емхананың 70-тен астам қызметкері қатысты.
Кездесу барысында С.Төлегенова мемлекет дамуының негізгі бастамалары мен басымдықтарына қатысты қызметкерлерге егжей-тегжейлі айтып берді, сондай-ақ ҚР Конституциясына барлық өзгерістер мен толықтыруларды түсіндірді. Сондай-ақ, қатысушыларға референдумға қатысу еріктілігі және азаматтардың еркін ерік білдіруі, азаматтардың референдумға жасырын дауыс беру арқылы қатысуға жалпыға бірдей, тең және тікелей құқығы қағидаттары туралы еске салды.
Кездесу барысында қызметкерлер өздерінің барлық сұрақтарына толық жауап алды, еліміздің Негізгі заңына енгізілетін түзетулер жаңа Қазақстанды қалыптастыруға көмектесетінін атап өтіп, өз пікірлерімен бөлісті.
2022 жылғы 25 мамырда құрамында Павлодар облысы бойынша референдумды қоғамдық қолдау республикалық штабының өкілдері: «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ төрағасы С.Төлегенова, облыстық мәслихаттың депутаты, «Шаңырақ» орталығының басшысы А.Жарқынбек және «JEBE» ҚБ төрағасы Д. Жұмаділ “Almaz Medisal Group” ЖШС Павлодар филиалының еңбек ұжымымен алдағы республикалық референдумды түсіндіру бойынша кездесті. Кездесуге 100-ден астам қызметкер қатысты.
Мемлекет басшысы 2022 жылғы 5 маусымда ел Конституциясына енгізілген түзетулермен республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Штаб мүшелері өз сөзінде алдағы конституциялық реформа мемлекет басшысы биылғы көктемде Қазақстан халқына Жолдауында баяндаған саяси реформалардың президенттік бағдарламасын іске асырудағы маңызды қадам екенін атап өтті.
Штаб мүшелері ұсынылған өзгерістер мен толықтыруларға егжей-тегжейлі тоқталып, конституциялық реформа азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысуын кеңейтетіні және саяси процестерді нақты демократияландыруды қамтамасыз ететіні сөзсіз екенін атап өтті.
Кездесу барысында медициналық ұйымның қызметкерлері де белсенділік танытты.