«Балалар жылына» және «Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Шымкент қалалық филиалы қаладағы медицина мекемелерінде қызмет жасайтын мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған кәсіподақ мүшелеріне қаржылай сертификаттар табыстады. Осылайша мүгедек балаларды асырап отырған 15 отбасына қаржылай көмек көрсетілді. Салтанатты жағдайда өткен шарада әр отбасына баланың еміне қажетті 100 мыңнан ақшалай сертификаттар үйлестіріліп, әр балаға тәтті сыйлықтар берілді.
Жиында сөз алған «SENIM» Денсаулық сақтау кәсіподағының төрағасы Ерқозы Батырбеков Мемлекет басшысының 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялағанын айтып, алдағы бүлдіршіндердің келе жатқан мерекелерімен құтықтап, әр шаңырақта тәрбиеленіп отырған жас бүлдіршіндердің есен-саулығын тіледі.
«Мемлекет басшысы 2022 жылды – «Балалар жылы» деп жариялады. Бұл жылды мереке түрінде ғана аталып өтпей, балаларды қорғау мақсатында ең алдымен билік тарапынан, оның ішінде денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру саласында нақты іс-шаралар жасалынуы керек. Президентіміз айтқандай, өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағын құру – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз», – деді Ерқозы Батырбеков.
Шараға қатысқан балалардың қамқоршылары бүгінде көмекке мұқтаж кәсіподақ мүшелеріне көңіл бөліп, қамқор көрсеткендері және осындай игі іс-шараны ұйымдастырып отырған кәсіподақ активіне алғыстарын айтып, өз ризашылықтарын білдірді.