Ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілуде

Республикалық референдумның өткізу шарасының маңыздылығын кеңінен түсіндіру мақсатында Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының «Ветеринарлық қызмет» МКК-ның Сайрам аудандық филиалының бастауыш кәсіподақ ұйымында арнайы жиын өтті.

Жиында бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Асаналі Қорашов Конституцияға ұсынылатын өзгерістер әрбір азаматтың негізгі құқықтары мен кепілдіктерін қорғауға, сондай-ақ қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстанның стратегиялық болашағын айқындайтын бастама екенін айта отырып, осынау саяси маңызды кезеңде бір кісідей атсалысып Референдумға қатысуға шақырды.

Жиынға қатысушылар Референдумды өткізу шешіміне қолдау білдіріп, сұрақ-жауап түрінде пікір алмасып, алдағы Референдумға бірауыздан қатысатындықтарын жеткізді.

Айта кетейік, бүгінде мекемеде 204 еңбеккерлер жұмыс атқарады. Олардың барлығы – 100% кәсіподақ мүшелері.