«МЦФЭР-Қазақстан» ЖШС Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетімен және «Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК бірлесіп, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының қолдауымен республиканың жұмыс берушілері арасында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі Х мерейтойлық «СЕНІМ» конкурсын өткізді. Байқау «Еңбекті қорғаудың үздік қызметі», «Еңбекті қорғаудың үздік инженері», «Еңбекті қорғаудың үздік техникалық инспекторы» номинациялары бойынша өтті.
«СЕНІМ» – еңбекті қорғау саласындағы кәсіпқойларға арналған Қазақстандағы жалғыз байқау. Конкурсқа қатысу – іскерлік мәртебені растау үшін практикалық қадамдар, қызметкерлер алдындағы құзыреттілік пен әлеуметтік жауапкершілікті көрсету, кәсіпорын қызметкерлерінің өндірістік жарақаттануы мен кәсіптік ауруға шалдығуының алдын алу тиімділігін арттыру, сондай-ақ қызметкерлердің қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау үшін жұмыс берушілерді ынталандыру мақсатында жүргізіледі.
«Үздік техникалық еңбек инспекторы» номинациясы бойынша конкурс қорытындысы бойынша жұмыс берушінің нормативтік құқықтық актілерді сақтауына қоғамдық бақылау арқылы жұмыс берушінің алдында жұмыскерлердің еңбекті қорғау құқықтарын қорғайтын еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектордың қызметі бойынша қауіпсіздік және еңбекті қорғау актілері «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» ЖШС еңбекті қорғау жөніндегі аға техникалық инспекторы Бекенов Болат Беделғазынұлына берілді.