Жаңа Қазақстанның іргетасы қалануда

Қостанай облыстық пошта байланысы қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Нина Ефимова «Қазпошта» АҚ еңбек ұжымымен кездесу өткізді.


Кездесу барысында ол қызметкерлерді референдум өткізу рәсімі туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін түзетулер мен толықтырулар туралы айтып берді. Кездесуге қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, түсініктемелер мен жауаптар алды.

Қызметкерлердің азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетігін күшейту мәселесі үлкен қызығушылық тудырды, бұл шенеуніктердің өздері қабылдаған актілердің сапасы үшін жауапкершілігін арттыруға әкеледі.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілеттігі мен тәуелсіздігінің кепілдіктері және Конституциялық сот институтын енгізу конституциялық деңгейде белгіленеді.

«Қазпошта» АҚ ұжымы ұсынылған өзгерістерге қолдау білдіріп, биылғы жылдың 5 маусымдағы референдумға қатысуға дайындығын білдірді.