Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы, референдумды қолдау облыстық штабы мүшесі Мақсұт Нәлібаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік басқару Академиясының Қызылорда облыстық филиалы ұжымымен референдум мәселесі талқыланды.
Референдумның өткізілуі маңыздылығы сөз болған ұжымда Конституциялық түзетулердің баптарына толық түсіндірмелер беріліп, ұжым мүшелерінің ой-пікірлері ортаға салынды.
«Жүргізіліп жатқан реформалардың өзіндік ерекшелігін конституциялық-құқықтық өлшемде бағамдасақ, әлеуметтік мемлекеттің қағидаларымен ұштасып жатқанын байқаймыз. Бұл реформалар ел болашағы мен мемлекетіміздің егемендігі мақсатында да қажет» деп референдумның өтуі мәнін кездесуде атап өтті Мақсұт Нәлібаев.
Академия филиалы ұжымы 5 маусымдағы жалпыхалықтық референдумға қатысып, азаматтық таңдау жасау әрбір азаматтың парызы деп білетіндіктері туралы пікірлерін жеткізді.