Павлодар облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Динара Айтжанова «AMANAT» партиясының хатшысы Э.Жұмағазиевтің Павлодар облысына жұмыс сапары барысында «Айсберг ПВ» ЖШС еңбек ұжымымен кездесуге қатысты.
«Айсберг ПВ» ЖШС компаниясы жартылай фабрикаттарды өндіруші болып табылады. Компания «Қазақстанның үздік тауары» конкурсының аймақтық кезеңінің «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясының жеңімпазы атанды.
Кездесуде 2022 жылғы 5 маусымдағы республикалық референдумда бүкілхалықтық дауыс беру үшін ұсынылатын Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар мүдделі жағдайда талқыланды.
«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасында азаматтардың құқықтарын қорғау тетігін күшейтуге және халықтың елді басқаруға қатысуын кеңейтуге байланысты Конституцияға түзетулерге ерекше назар аударылады.
Ұсынылып отырған өзгерістер бойынша Мәжіліс депутаттары аралас сайлау жүйесі бойынша: біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша пропорционалды өкілдік жүйесі бойынша, сондай-ақ бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын болады. Бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Мәжіліс депутаттарынан сайлаушылардың мандатты кері қайтарып алу құқығы енгізіледі.
«2022 жылғы 5 маусымда өтетін республикалық референдум халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасының көрінісі, Қазақстан Республикасының әрбір азаматына жаңа Қазақстанды құруға тікелей қатысуға мүмкіндік беретін маңызды демократиялық құрал болып табылады», – деп атап өтті серіктестік басшысы, қалалық малихат депутаты М. Желнов.
«Біз міндетті түрде сайлау учаскелеріне келіп, Қазақстан Республикасының Конституциясына ұсынылған өзгерістер мен толықтыруларды қолдаймыз, өйткені әрбір қазақстандық отбасы үшін ең бастысы-бейбітшілік, тұрақтылық және амандық!», – деді кездесуге қатысушылар.