Ұстаздар марапатталды

Қызылорда облысы Жалағаш ауданында Ш.Ермағанбетова атындағы №246 орта мектеп базасында 2021-2022 оқу жылының қорытындылануына орай салтанатты жиын өткізілді. Оған облыстық білім және ғылым қызметкерлері салалық кәсіподақ ұйымы төрайымы Гүлнар Есқалиева және аудандық білім бөлімінің басшысы Талғат Садықов, орта және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшылары мен ұстаздар қатысты.


Ізгілікті іс-шараны ашқан Гүлнар Есқалиева ұлағатты ұстаздарымызды оқу жылының сәтті аяқталуымен құттықтады.

Өз сөзінде:«Сіздерді білім мен ғылымның сан бағытын меңгерген ардақты жандар деп білеміз, санаға нәр құйған, шәкірттерді жан-жақты тәрбиелеп, адами болмысын қалыптастырып келе жатқан өздеріңізге әрқашан құрмет көрсетіле бермек», – деп атап өтіп, оқу жылының қорытындысы бойынша білім беру саласын дамытуға елеулі үлес қосып, жоғары жетістіктерге жеткен, ұстаздық өрнегін танытып, білім беру әдістемесін тәжерибеде таратып жүрген ұстаздарды арнайы төсбелгімен, Республикалық білім қызметкерлері кәсіподағының және облыстық білім кәсіподағының Құрмет грамоталарымен марапаттады.