Бүгін 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Халықаралық балалар күні әлемнің түкпір-түкпіріндегі балаларға қуаныш сыйлайтын мейрам ғана емес, кішкентай балалардың құқығын қорғап, оларға қамқор болуға, әлімжеттік, қысым жасамауға үндейтін мейрам. Қоғамды, жас жеткіншектерді қорғауға, қолдауға шақыратын күн. Осы мақсатта, бүгінгі мерекеге орай Түркістан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Сайрам мүгедек балаларды оналту орталығы» КММ-де арнайы мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараға “Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы” аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі, «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Түркістан облыстық филиалының төрайымы Күлдар Есебаева қатысты.
Шара барысында кәсіподақ төрағасы Бердіғали Өмірәлі халықаралық балаларды қорғау күні мерекесімен құттықтап, балаларға ыстық лебіздері мен ізгі тілектерін жеткізіп, сый-сыяпаттарды табыс етті. Сонымен қатар жас ұрпақты тәрбиелеуде еселі еңбек етіп, үздік нәтижелерге қол жеткізгені үшін Калия Байғондиева мен Светлана Избасарова «Еңбек озаты» төсбелгілерімен марапатталды.
Бүлдіршіндер де өз өнерлерін көрсетіп, ән салып, би билеп, қызықты да көңілді күй кешті.