Бүгін Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеу аясында “Қызмет” салалық кәсіподағының Орталық кеңесі және Нұр-Сұлтан қаласы бойынша “Қызмет” салалық кәсіподағының филиалы бірлесіп қайырымдылық акциясын өткізді.
“Қызмет” салалық кәсіподағының төрағасы Мирболат Жақыпов салтанатты түрде көп балалы отбасылардан, сондай-ақ ерекше бала тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан кәсіподақ мүшелеріне сертификаттар табыс етті. Барлығы 233 балаға арналған 57 отбасы азық-түлік ақшалай сертификаттарын алды.
Мирболат Жақыпов өз құттықтауында, балаларды қорғау күні – бұл тек көңілді мереке ғана емес, сонымен қатар қоғамға балалардың құқықтарын қорғау қажеттілігі туралы ескерту екенін, барлық балалар бақытты болып, оқып, сүйікті ісімен айналысып, болашақта еліміздің лайықты азаматы болуы тиіс екенін атап өтті.
Сондай-ақ, Мирболат Жақыпов дұрыс тәрбие беру құпияларымен бөлісті. «Балалардың гаджеттерге және интернетке бүгінгі тәуелділігін ескере отырып, көптеген балалар физикалық белсенділікке бейім емес екенін, бұл өз кезегінде тірек-қимыл аппаратының, қан айналымының, тыныс алудың, қозғалыс белсенділігінің төмендеуімен ас қорыту функциясының бұзылуына, бұлшықеттің жиырылу күшінің төмендеуіне әкеледі»,-деді төраға.
Сондықтан Мирболат Жақыпов тәрбиенің 3 алтын ережесін ұстануға: міндетті түрде балалар 3-4 сағат таза ауада серуендеп, кітап оқумен айналысып, өз халқының тарихы мен ана тілін білуі керек деп кеңес берді.
Өз кезегінде, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары Салалық кәсіподақ пен елордалық филиалға көп балалы отбасылар және ерекше бала тәрбиелеп отырған отбасыларға көрсеткен қамқорлығы мен қолдауы үшін алғыс білдірді.