1 маусым – Халықаралық Балаларды қорғау күні “SENIM” Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы” «Астана» филиалы кәсіподақ мүшелерінің балаларын құттықтап, мерекелік кеш ұйымдастырды.
«Астана» филиалының төрағасы Дина Нұрпейісова бастауыш кәсіподақ ұйымдарының 20 мүшесінің және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған 16 мүшесінің отбасына 100 000 теңгенің, сондай-ақ тағы 5 балаға қосымша 50 000 теңгелік сертификаттарды табыстады.
Сонымен қатар, мерекелік шара аясында медицина қызметкерлерінің балалары арасында «Балаларды қорғау күні» тақырыбында сурет салу конкурсы өткізілді. Конкурс қорытындысы бойынша кішкентай қатысушылар диплом мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.