Жарқын болашаққа бастар жол

Республикалық референдумның өтуіне санаулы күн қалды. Бүгінгі таңда өңірлерде түсіндіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.


Ақтөбе өңіріне референдум барысын түсіндіру үшін арнайы келген депутаттар Аманғали Бердалин мен Ғалымжан Елеуов мәдениет саласында еңбек етіп жүрген, «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ облыстық филиалына қарасты бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесіп, оларды саяси науқанға қатысуға шақырды.

Конституцияның үштен біріне түзетулер енгізілгелі тұрғанын айтқан Мәжіліс депутаттары референдум барысында әрбір азаматтың дауысы маңызды екенін жеткізді.