Кәсіподақ мүшелеріне референдум маңыздылығы түсіндірілді

Республикалық референдумды өткізу шарасының маңыздылығы жайлы ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының «Ветеринарлық қызмет» МКК-ның Жетісай аудандық филиалының бастауыш кәсіподақ ұйымында арнайы жиын өтті.


Жиында бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Темірбек Қозыбағаров Республикалық референдум – демократиялық ашық және шынайы түрде өтетінін түсіндіре келе, Конституциялық реформалар стратегиялық болғандықтан бүкілхалықтық дауыс беруі арқылы жүзеге асырылуы қажет екендігін айтып, осы ретте кәсіподақ мүшелерін алдағы 2022 жылдың 5 маусымында өткелі жатқан жалпыхалықтық Референдумға қатысуға шақырды.

Жиынға қатысушылар Президентіміздің ҚР Конституциясына толықтырулар мен өзгертулер енгізу бойынша Референдум өткізу шешіміне қолдау білдіріп, алдағы Референдумға бірауыздан қатысатындықтарын жеткізді.

Жиын соңы марапаттау рәсімімен жалғасты, онда кәсіподақ мүшесі Асқар Зоржановтың 63 жасқа толуы және зейнеткерлік демалысына шығуымен құттықтап, шапан жауып, көп жылдық еселі еңбегі мен кәсіподақ қозғалысына қосқан үлесі үшін «Ардақты ардагер» төсбелгісін табыстады.

Айта кетейік, бүгінде мекемеде 73 еңбеккерлер жұмыс атқарады. Олардың барлығы – 100% кәсіподақ мүшелері.