«Түркістан облыстық агроөнеркәсіптік кешені еңбеккерлері және мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Жетісай аудандық филиалының төрағасы Сәдуақас Сейтимов алдағы 5 маусымда өткізілетін жалпыхалықтық Референдумның маңыздылығына түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында Жетісай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Жетісай спорт клубы» КММ-нің бастауыш кәсіподақ ұйымында кездесу өткізді.
Кездесу барысында Сәдуақас Сейтимов Ата Заңымызға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бойынша ақпараттық-түсіндірме беріп, Мемлекет басшысының Референдум өткізу туралы бастамасына қолдау көрсетіп, 5 маусым күні ел болашағын айқындайтын тарихи сәтте барынша атсалысып, барша қатысушыларды Референдумға қатысуға шақырды.
Кездесу соңында кәсіподақ өкілдері сауалдарына тұшымды жауап алып, елдегі жағдайда белсенділік танытып, Референдумға қатысу – барлық азаматтардық ортақ борышы екендігін түсініп тарқасты.