«Senim» кәсіподағы қайырымдылық сертификаттарын таратты

Биылғы жыл ҚР Президентінің жарлығымен «Балалар жылы» болып жарияланды. Осыған орай, 1 маусым – Балалар күніне орай «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің кәсіптік одағы РҚБ төрағасы  С.Дүйсенов бастамасымен қайырымдылық ақшалай сертификаттар беру туралы шешім қабылданды.


Осы орайда, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония ғимаратында ерекше бала тәрбиелеп отырған медицина қызметкерлеріне ақшалай сертификаттар мен тәтті сыйлықтар табысталды.

Мерекелік кеште облыстық филармония жұлдыздары, қалалық би ансамблі мен Орал қаласының танымал әртістері өнер көрсетті. Балалардың көңілін аулап, тосын сый жасауға аниматорлар жұмылдырылды. Аталған қайырымдылық шара балалар мен ата-аналардың көңілінен шығып,керемет деңгейде өтті. Бол жоба алдыңғы жылдары да өз жалғасын таппақ.

Жалпы көлемде БҚО бойынша барлығы екі миллион екі жүз мың теңге соммасында сертификаттар табыс етілді.