Кәсіподақтар Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Балалар жылында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының құрамына кіретін кәсіподақтар балалары бар әлеуметтік осал отбасыларды қолдауға ерекше назар аударады.

2022 жылдың 1 маусымында «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалы (төрайымның м.а. – Татьяна Шатохина) Қарағанды облысының Кәсіподақ орталығы жанындағы «Келешек» Жастар кеңесімен ( төрайымы – Аймира Баграмова) және өңірдің мемлекеттік және азаматтық қызметшілерінің Жергілікті кәсіподағымен (төрайымы – Татьяна Пурясева) бірлесе қайырымдылық акциясын ұйымдастырып, көпбалалы отбасылар мен ерекше балалары бар отбасыларды құттықтап, азық-түлік жиынтықтарын, шығармашылық үшін сыйлықтар мен балаларға тәттілер табыс етті.


13 бала өсіп келе жатқан Мусияченко отбасысы көңіл мен қамқорлық үшін шын жүректен алғыс айтты.

Ерекше қажеттіліктері бар балалары бар Жүнісбековтер мен Веденскийлердің отбасылары мерекелік кездесу мен сыйлықтарға қуанышты болды.