Түркістанда балаларды қорғау күні ауқымды аталып өтті

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай Түркістан облысы, Кентау қаласы “Жансая” облыстық балалар оңалту орталығында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Шара барысында оңалту орталығының басшысы Мухитдин Сейтханов балаларды мерекесімен құттықтап, жылы лебізі мен ізгі тілектерін жеткізіп, сый-сыяпаттар табыс етті.

Шараға қатысқан балаларда өз өнерлерін көрсетіп, ән салып, би билеп, қызықты да көңілді күй кешті.