«Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалы (төрайымның м.а. – Татьяна Шатохина) Қарағанды облысы бойынша референдумды қоғамдық қолдау республикалық штабы өкілдігінің мүшесі Нұрлан Әубәкіровпен және Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Қарағанды облысы Кәсіподақ орталығы жанындағы референдумды қолдау жөніндегі өңірлік штаб мүшесі Эрик Менсейітовпен бірлесіп «Қарағанды қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ бастауыш кәсіподақ ұйымының (басшысы – Нұржан Сыздықов) қызметкерлерімен және осы әлеуметтік маңызды мекеменің келушілерімен референдумды ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді. Бүгінгі таңда жұмысқа орналасқысы келетін қарағандылықтарға түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда 2300-ден астам бос жұмыс орны ұсынылған және көптеген мемлекеттік бағдарламалар арқылы жұмысқа орналасуға мүмкіндік қарастырылған.
Жұмыспен қамту орталығының жас ұжымымен әңгімелесу барысында конституциялық өзгерістерге, олардың демократиялық реформалар үшін маңыздылығына, сайланбалы органдарға қатысу және барлық қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру бойынша жаңа перспективаларға назар аударылды.
Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша сұрақтар қойылып, оларға нақты түсініктемелер берілді.
Қарағанды қаласының жұмыспен қамту орталығының келушілері мен қызметкерлері 2022 жылғы 5 маусымдағы республикалық референдумға қатысуға, еліміздің болашағы үшін өздерінің жеке жауапкершіліктері мен азаматтық ұстанымдарын көрсетуге өздерінің нық ниеттерін білдірді!