Референдум бойынша отырыс өткізді

«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Қарағанды облыстық филиалы төрағасының орынбасары, Қарағанды қалалық референдумды қоғамдық қолдау штабының мүшесі Сұлтан Медеубаев Облыстық клиникалық аурухананың Перинаталдық орталығының ұжымымен Республикалық референдумды қолдау бойынша ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.


Қазақстан Республикасының Конституциясына жоспарланған түзетулер туралы хабардар етіп, бүкіл медициналық жұртшылықты 2022 жылғы 5 маусымда өтетін республикалық референдумның талқыланатын мәселелеріне белсенді қатысуға шақырды.