Павлодарлық Достық үйінде республикалық референдумды қоғамдық қолдау штабының қолдауымен «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ ұйымдастырған «Референдум: әділетті Қазақстан жолында» тақырыбында «Sarap» эксперттік клубының аймақтық отырысы өтті.
Іс-шараға Павлодар облысы әкімінің орынбасары А.Құрманова қатысты. Кездесуге саясаттанушылар, ғылыми және қоғам қайраткерлері, «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ сарапшылары, оқу орындарының студенттері, референдумды қоғамдық қолдау республикалық штабының облыстық өкілдігінің мүшелері шақырылды.
Референдумды қоғамдық қолдау республикалық штабының облыстық өкілдігінің мүшесі – Павлодар облысы кәсіподақтарының аумақтық бірлестігі төрағасының орынбасары М.Иванова кәсіподақ қоғамдық бірлестіктерінің мүдделерін ұсынды.
Қатысушылар Конституцияға ұсынылған өзгерістер мен толықтыруларға қатысты өз пікірлерін білдірді, референдумның маңызды демократиялық құрал ретіндегі рөліне талдау жасады, ол әрбір азаматқа жаңа Қазақстанды құруға тікелей қатысуға бірегей мүмкіндік береді.