Халықаралық еңбек конференциясы аясында Төраға Сатыбалды Дәулеталин бастаған Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының делегациясы еңбеккерлер тобының отырысына қатысты, онда Халықаралық Еңбек Ұйымының Бас директоры (ХЕҰ) Гай Райдер сөз сөйледі. Ол өз сөзінде еңбеккерлер өкілдері Халықаралық еңбек ұйымының тірегі екенін атап өтті. ХЕҰ Бас директоры әлеуметтік диалог саласында үлкен тәжірибе жинақталғанын атап өтіп, еңбеккерлер тобына қатысушыларға жұмыскерлердің құқықтарын қорғағаны үшін алғысын білдірді.
Халықаралық еңбек конференциясы алаңында құрамында Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері, жұмыс берушілер мен ҚРКФ өкілдері бар қазақстандық делегация ХЕҰ Бас директоры Гай Райдермен, аймақтық директор Хайнц Коллермен, ACTRAV Еңбеккерлер бюросының директоры Мария Хелена Андре, аға кеңесші, ХЕҰ ACT/EMP Еуропа және Орталық Азия бойынша маман, Кристиан Хесспен кездесті.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов өз сөзінде Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар мен өзгертулер, сондай-ақ еңбек және кәсіподақ заңнамасын жетілдіру мәселелеріне тоқталды.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин өз сөзінде халықаралық стандарттарды ұлттық заңнамаға енгізуге, Қазақстанның ХЕҰ 87 Конвенциясының орындалуына, конвенцияларды ратификациялау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға, кәсіподақтардың ішкі жұмысына және Кәсіподақтар федерациясындағы демократиялық өзгерістер процестерінің қайтымсыздығын қамтамасыз етуге басты назар аударды. Сатыбалды Дәулеталин ХЕҰ әлемдік трипартизмнің орталығына айналғанын атап өтті. ҚРКФ Төрағасы кәсіподақтардың әлеуметтік әділеттілік пен лайықты еңбек мәселелерін белсенді түрде ілгерілетіп жатқанын атап өтті.
Өз кезегінде ХЕҰ Бас директоры Қазақстан делегациясымен өткен үшжақты кездесудің маңыздылығын атап өтті. Гай Райдер заңнаманы жетілдіру бойынша әлеуметтік әріптестердің бірлескен қызметін құптады. Қазақстан жүргізіп отырған реформалар ХЕҰ қағидаттарымен үндес екені атап өтілді. “Өз тарапынан Халықаралық еңбек ұйымы елге консультативтік көмек көрсетеді”, – деп сендірді Гай Райдер.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының медиа орталығы