Кәсіподақ көпбалалы кәсіподақ мүшелерінің балаларына қолдау көрсетті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Балалар жылында» межеленген міндет әртүрлі мерекелік шаралар мен жиындар өткізу емес, балаларды қорғау мақсатында денсаулығы мен білім сапасын арттыру, әлеуметтік қамсыздандыру екенін айтқан еді. Осыған орай балалардың қауіпсіз ортасын құруға, оларды сапалы біліммен қамтуға, мүмкіндігі шектеулі балалардың денсаулығын нығайтуға, инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінуде.

Осы аталған шаралардың жүзеге асуына Қарғалы аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы да өз үлесін қосты. Халықаралық балаларды қорғау мерекесінде білім кәсіподағы көпбалалы, аз қамтылған кәсіподақ мүшелерінің балаларына Түркістан қаласына жолдама ұсынып, тосынсый жасады.


Бүлдіршіндер жазғы каникулда киелі өлкеге саяхат жасап, жаңарған Түркістанның келбетімен таныспақ. Сонымен қатар, бұл күні тәрбие мен білімнің ең алғашқы баспалдағы саналатын балабақша меңгерушілеріне де сый-құрмет көрсетілді. Кәсіподақ тарапынан «Балапан» және «Бәйтерек» балабақшаларының меңгерушілеріне «Сарыағаш» шипажайына жолдама табысталды.