Шымкентте үздік мемлекеттік қызметшілер анықталды

«Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық конкурсының Шымкент қаласы бойынша өңірлік конкурстық комиссиясы үздіктерді анықтады.

Аталған конкурста Шымкент қаласынан 12 мемлекеттік қызметші қатысып, өздерінің бағын сынады. Қаланың түрлі сала бойынша мамандары цифровизация, жер қатынастары, мүгедектерді қорғау, денсаулық салалары және бірқатар маңызды салалар бойынша өздерінің тың идеялары мен жобаларын комиссия мүшелері алдында қорғады.

Ұсынылған жобалар бойынша ішінен халықтың жағдайын жақсартуға, мемлекеттік қызметті жетілдіруге ерекшелінген бағыттар бойынша екі жобаны ұсынған өңірлік деңгейде қатысқан кандидаттар анықталды. Атап айтқанда, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Бахтияр Өнербаев  «Мемлекеттік басқару қызметі жетілдіру»: «Бюрократиядан арылту» бойынша проблемалық тұстары мен шешу жолдары айқындалған жобаларды ұсынды.


Ал Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің бас инспекторы Айнұр Жалмұрзаева «Мемлекеттік басқару қызметі жетілдіру»: «Бюрократиядан арылту» бойынша проблемалық тұстары мен шешу жолдары айқындалған жобаларды таныстырды.


Байқауға қатысып, бағын сынап өңірлік дейгейден жеңімпаз атанған екі үміткер «Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» конкурсына Шымкент қаласынан Республикалық кезеңіне жолдама алды.