«Үздік мемлекеттік қызметші-2022» республикалық байқауының өңірлік кезеңі қорытындыланды

23 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері күніне орай бастау алған «Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық байқауының өңірлік кезеңі өз мәресіне жетті.

Өңірлік комиссия отырысы оффлайн және онлайн форматта өткізілді. Комиссия шешімімен облыстық кезеңнен Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Ерұлан Мырзатаев және Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының байланыс бөлімінің басшысы  Мағжан Мырзасейтов “үздік” деп танылды.

 

Алдағы уақытта, өңірден іріктелген мемлекеттік қызметшілер республикалық кезеңде Түркістан облысының намысын қорғайтын болады.