Балаларға қуаныш сыйлады

Еліміздің Президенті 2022 жылды – Балалар жылы деп жариялады. Мұндағы мақсат – өскелең ұрпақты қорғау мақсатында ең алдымен билік тарапынан денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру саласында нақты іс-шаралар жасау. Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде: «Балалардың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз», – деп айтқан болатын.


Осы орайда “Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы” аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі, Түркістан облысының автомобиль көлігі және жол мекемелері жергілікті кәсіподағының төрағасы Али Мамедов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Тұрған Бейімбетов Сайрамдағы №4 балалар үйіне арнайы барып қайтты.

Кездесу барысында кәсіподақ төрағасы Бердіғали Өмірәлі балаларды қорғау күні мерекесімен құттықтап, оларға ыстық лебіздері мен ізгі тілектерін жеткізіп, сый-сыяпаттар табыс етті.

Балалар өз тараптарынан келушілерге алғыстарын айтып, қуаныштарын білдірді.