Турнир жұмысын тәжірибелі басшылар арасынан шыққан тәлімгерлер, спикерлер – № 8 ЖОББМ төрайымы Алмагүл Жакенова, № 7 ЖОББМ төрайымы К.Негманова, Ақжол а. ЖОББМ төрайымы Алия Нұркенова және «Алтын бөбек» бөбекжай-бақшасының төрайымы Лаура Сүлейменова, сәбилер балабақшасының төрайымы Динара Бозжігітова, № 4 ЖОББМ төрайымы Әйгерім Базарбай жүргізді.
Ең қызықты идеялармен К.Негманованың командасы бөлісті, олар 3 негізгі идеяны бөліп көрсетті. Бірінші идея -бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағасының мәртебесін ресми көтеру, екінші идея – облыстық, республикалық деңгейде оқыту семинарларын ұйымдастыру қажеттілігі туралы, жыл сайын республикалық деңгейде тәжірибе алмасу бойынша іс-шаралар өткізу, «Сыртқы келбет– мектептің бет-бейнесі» үшінші идеясы тікелей ұжымдарға қатысты болды.
Алмагүл Жәкенованың командасы «Кәсіподақтың болашағы – жастар үшін» атты мотивациялық жұмысты және жас педагогтармен қажетті әдістемелік және басқа да құжаттарды зерделеу бойынша тоқсан сайынғы кездесулерді және басқа да қызықты идеяларды ұсынды.
Үшінші команда ментор Әлия Нүркенованың жетекшілігімен құқықтық қызметтің өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті.
Жас көшбасшылар, төртінші және бесінші команданың тәлімгерлері Лаура Сүлейменова және Әйгерім Базарбай бірқатар жобаларды әзірледі.