Бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшесі ғылыми жоба арқылы грант ұтып алды

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік өңірлік университетінің оқытушысы Ботагөз Керімбаева ҚР Білім және ғылым министрлігінің ғылыми жобаларға арналған грантын жеңіп алды.

Жас ғалымдарға арналған конкурста PhD, қауымдастырылған профессор Ботагөз Керімбаеваның «Болашақ мұғалімнің желілік коммуникативті мәдениеті – жасөспірімдердің цифрлық сауаттылығын қалыптастырудың кілті» атты ғылыми жобасы қаржыландыруға ие болды.


Қазіргі таңда Жұбанов университетінде Білім және ғылым министрлігінің қаржыландыруымен 10 гранттық жоба жүзеге асырылып жатыр.

Аталған жобаның мақсаты – болашақ мұғалімдерді қашықтан оқытуға машықтау. Цифрлы технологиялар білім беру саласында кеңінен қолданыла бастағаны белгілі. Сол себепті педагогтердің біліктілігін арттырып, желідегі коммуникативті мәдениет қалыптастырудың өзектілігі артты.