Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының Комсомол ауылында орналасқан «Комсомол» серіктестігі 1998 жылы құрылған.
Серік Сүлейменов серіктестікте 2002 жылдан бері механизатор болып еңбек етіп келеді. Өз жұмысына тиянақты, жауапкершілігі мол Серік Жарасұлы үнемі ізденімпаз, жұмысқа жаңадан келген жастарға өз білгенін үйретеді.Ұжымда беделге ие.
Кезінде бұл жерде тың игеру жылдары іргелі ауыл шаруашылығы кәсіпорны жұмыс жасаған.Бүгінде серіктестік бидайдың элиталық тұқым түрлерін өсірумен айналысады.Мұнда бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысы жүйелі жолға қойылған. Ұжымдық шарт аясында бастауыш ұйым мүшелеріне әлеуметтік қолдау жақсы жасалған. Жұмысшылар қыс, көктем, жаз айларында да тынбастан,қолайсыз ауа райы кезінде де елді мекеннің барлық жұмыстарына да қолғабыс етеді,-дейді бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Әкімжан Баймышев.
Серіктестік директоры Виктор Волынец пен бастауыш кәсіподақ ұйымының жетекшісі Әкімжан Баймышев екеуі бірлесе жауапкершілікпен ұжым бірлігін сақтап, еңбек етуде. Ауыл тұрғындарын еңбекпен қамтып, тұрмыстарын түзеп отырған іргелі шаруашылықта кәсіподақ мүшелеріне жан-жақты қолдау жасалған.Осындай еңбек адамдарын көпшілік әркез құрметтейді.