Павлодарда әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның отырысы өтті

2022 жылғы 10 маусымда Павлодарда облыс әкімінің бірінші орынбасары О.Круктың төрағалығымен әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның отырысы өтті.


Комиссия облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарындағы жалақы бойынша берешектің жай-күйі және кәсіподақ қоғамдық ұйымдары құрылмаған кәсіпорындарда өндірістік кеңестер құру мәселелерін қарастырды.

«Павлодар облысының еңбек басқармасы» ММ басшысы А.Капанов өз сөзінде: «2022 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары 133 тексеру жүргізді, оның барысында 161 еңбек заңнамасын бұзушылық, оның ішінде 76 (47%) еңбек қатынастары мәселелері бойынша бұзушылықтар анықталды. Ағымдағы жылдың басынан бері қабылданған шаралардың нәтижесінде облыстың 30 кәсіпорнында 8,3 млн.теңге сомасында жалақы бойынша қарыз өтелді және 66 қызметкердің құқықтары қорғалды. Жүргізілген мониторингке сәйкес облыста жалақы бойынша ағымдағы және мерзімі өткен берешек жоқ».

Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Д.Айтжанова еңбек қауіпсіздігі мәселелерін шешу үшін әр кәсіпорында өндірістік кеңестерді жаппай құру бойынша қызметкерлер мен жұмыс берушілердің күш-жігерін біріктіруге шақырды.

Комиссияның қарау қорытындысы бойынша жауапты лауазымды тұлғаларды белгілей отырып, тиісті ұсынымдар қабылданды.