«Шымкент қаласының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі мен «ЕуроАзиялық медиация орталығы» қоғамдық бірлестігі арасында өзара ынтымақтастық және «Татуласу орталығының», «Заң клиникасының» жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша әрекеттесу жөнінде Меморандум түзілген. Осы меморандум негізінде «Татуласу орталығы» және «Заң клиникасында» азаматтарды қабылдау тұрақты түрде жүзеге асырылып келеді.
«Татуластыру орталығының» маманы, кәсіби медиатор Салтанат Абдукаримова өз аты-жөнін жарияламауды сұраған Т. есімді азаматшаны қабылдады. Азаматшаның айтуынша, ол банктен несие алып, кейіннен қайтара алмауы себебінен қарызды мәжбүрлеп өндіру туралы іс сот орындаушыларына түскен.
«Татуластыру орталығының» маманы азаматшаның уәждерін толық тыңдап, барлық құжаттарымен танысып шыққаннан соң Қазақстан Республикасы «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңымен көзделген құқықтары мен мiндеттерi туралы жайлы түсіндіріп өтті. Заңға сәйкес, борышкер атқарушылық iс жүргiзу материалдарымен танысуға, олардан көшiрмелер алуға, өтiнiш бiлдiруге, атқарушылық әрекеттер жасауға қатысуға, атқарушылық iс жүргiзу барысында туындайтын барлық мәселелер бойынша өз дәлелдерi мен пiкiрлерiн айтуға, сот орындаушысының әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) немесе шешiмдерiне шағым жасауға құқылы. Осы және басқа да құқықтары жайлы түсіндіріліп, құқықтық кеңес берді.