Медицина қызметкерлерінің алдағы кәсіби мерекесі қарсаңында «Senim» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен өткен спартакиада мәреге жетті. «Жаңа Қазақстанға – жаңа қадам» атты ақ халатты абзал жандар арасындағы спорттық сайыстарға аудандық, қалалық және облыстық емдеу-сауықтыру мекемелерінен барлығы 28 команда қатысқан болатын.
Алаңда – денсаулық сақшылары
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Жайық спорт кешенінде өткен ақтық ойындар да тартысқа толы болды. Спартакиада қорытындысымен Атырау қалалық №5 емхана ұжымының кіші аяқдопшы жігіттері чемпиондық тұғырға көтерілді. Екінші және үшінші орындар «Смағұл дент» ЖСШ мен облыстық аурухана ұжымдарының командаларына бұйырды.