Зияткер кәсіподақ жастары – Жаңа Қазақстанның болашағы

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы жариялаған әлеуметтік әріптестік жылы аясында Қарағанды облысының Кәсіподақ орталығы жанындағы «Келешек» Жастар Кеңесі (төрайымы – Аймира Баграмова) Білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағының Қарағанды облыстық ұйымымен (төрайымы – Алмагүл Рақышева) бірлесіп жұмыс істейтін кәсіподақ жастарының арасында «ЗИЯТКЕР КӘСІПОДАҚ ЖАСТАРЫ» зияткерлік ойындар сериясының ақтық кезеңі өткізді.


Финалдық облыстық ойынға «ЗИЯТКЕР КӘСІПОДАҚ ЖАСТАРЫ» зияткерлік ойындарының өткен кезеңдерінің жеңімпаздары: «ҚЫЗМЕТ» Мемлекеттік, банк мекемелері, мәдениет, спорт, туризм және ақпарат, «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі, «YNTYMAQ» кәсіпкерлік, Қарағанды облысының құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлері кәсіподақтарының облыстық филиалдарының құрамына кіретін бастауыш кәсіподақ ұйымдары қатысты.

Ойынға барлығы 5 адамнан тұратын 5 команда қатысып, логикалық есептерді шешуде жаңа білім алды. Қорытынды бойынша жоғары балл жинаған 3 команда жеңімпаз атанды:
1 – орынды мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалының командасы иеленді (төрайымы-Алмакүл Өсерова);
2 – орынға – «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің Салалық кәсіптік одағының Қарағанды облыстық филиалының командасы ие болды (төрағасы – Ноян Бидайбаев);
3 – орынды – «ҚЫЗМЕТ» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Салалық кәсіптік одағының Қарағанды облыстық филиалының командасы иеленді (төрайымы – Татьяна Шатохина).

Кәсіподақ ойынының қатысушылары мен жеңімпаздарының білімін кәсіби қазылар алқасы бағалап, құттықтады, оның құрамына: Білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағының Қарағанды облыстық ұйымының өкілі Ақмарал Қалиева, AMANAT партиясы жанындағы Jas Otan Жастар қанатының Қарағанды облыстық филиалының өкілі Арафат Мажитов, Қарағанды облысы бойынша Biz Birgemiz еріктілер қозғалысының төрағасы, Қарағанды техникалық университетінің Жастар саясаты департаментінің әдіскері  Ілияс Смайылов кірді.

Марапаттау аяқталғаннан кейін Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Қарағанды облыстық ұйымы Қазыбек би аудандық комитеті филиалының төрайымы Марал Кашенова, Қарағанды облысының Кәсіподақ орталығы жанындағы «Келешек» Жастар Кеңесінің төрайымы Аймира Баграмова құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға ойынға белсене қатысқандары үшін алғыстарын білдірді.

Ақтық кезеңнің жеңімпаз командалары ақшалай сыйлықтарға ие болды: 1 орын үшін – 50 мың теңге, 2 орын үшін – 30 мың теңге, 3 орын үшін – 20 мың теңге, сондай-ақ кубоктар, мадақтамалар және сыйлық жиынтықтары табысталды. Қосымша кәсіподақ жастарына зияткерлік ойынға қатысқаны туралы сертификаттар берілді. Іс-шара соңында ұйымдастырушылар әр командаға дәмді пицца сыйлады.

Қатысушылар ұйымдастырылған ойынға риза болып, жақсы көңіл-күй, жаңа әсерлер мен білім алды.